Айта кетейік, зауыт 2014 жылдың желтоқсанында істе қосылады. 2015 жылдың ортасында толыққанды жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жобаның ел үшін маңызы зор. Посткеңестік кезеңде ел аумағында мұндай 3 зауыт қана болған. Бұл жобаға Еуроодақ талаптарына сәйкес келетін жаңа технологиялар мен стандарттар пайдаланылған. Зауыттың белгіленген уақытта іске қосылуы, сапасы стандартқа сәйкес келуі үшін күш салып жатырмыз», - дейді Е. Қизатов.
Зауыттың қуаты - жылына 430 тонна илекті құрайды. Жоба құны 399 миллион АҚШ долларына бағаланған.