Жолаушы тасымалдау қызметі жауапты қызметтердің бірі. Себебі, көлік жүргізуші жолаушының денсаулығына, жеке мүлкіне, тіпті өміріне түбегейлі жауапты адам саналады. Ал, көлікке отыратын адамдар сан-алуан.
Үлкен-кішісі бар, жас-жасамысы бар. Жақсы-жаманы, адалы, тіпті қара ниеттісі де кездеседі. Бірі – жомарт, енді бірі – жеке бас пайдасын ойлап, жолақысының жартысын жымқырып кетуге бейім.
Кейбіреулер бар, жүргізушінің өзін жарақаттандырып немесе мерт еткен. Жолаушыдан зәбір көрген көлік жүргізушілердің бірі бүгін 21.05-те «Айтуға оңайда» оқиғасымен бөліспек.