Мысыр Орталық банкі төл ақшасы – фунтты құнсыздандырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мысыр Орталық банкі төл ақшасы – фунтты құнсыздандырады

21.10.2015
Мысыр Орталық банкі төл ақшасы – фунтты құнсыздандырады
Елдің ұлттық валютасы өткен аптаның өзінде долларға қатысты екі мәрте арзандаған.

Мысыр қазір шетел ақшасына зәру. Өйткені, 2011 жылғы төңкерістен бері Мысырдың валюталық резерві 36 миллиардтан 16 миллиард долларға дейін азайды.

Үкімет фунтты құнсыздандыру арқылы шетелден инвестиция тартып, ел экономикасының басты секторы - туризмді қайта дамытуды көздеп отыр. Дегенмен, девальвация салдарынан отын және азық-түлік қымбаттап, қарапайым халық қиналуда.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу