«Тепе-теңдік дәліз бір долларға 185 теңгеден, алдында плюс-минус 3 теңге болды, сосын біз оны бір долларға 170 теңгеден 188 теңгеге дейін кеңейттік. Жалпы, бұл дәліз барлық қауіп-қатерді жабады деп есептейміз», - деді Қ.Келімбетов.
Оның айтуынша, соңғы күндері ресей рублінің үлкен ауытқулары орын алуда, бұл сақтық пен қазақстандық сарапшылар тарапынан Қазақстан Ұлттық банкінің осыдан кейінгі ақша-несие саясатына қатысты мәселелерді туындатады.
«Биылғы жылдың ақпан айында өткізілген теңге бағамын реттеу орта мерзімді перспективада - 3 жылдан 5 жылға дейін барлық мүмкін тәуекелдерді қарастырғанын еске салып өткім келеді. Ресей рублінің одан әрі құнсыздануы мен мұнай бағасының төмендеу мәселесі де қарастырылған болатын. Бұл сценарий бүгін орындалып жатыр. Орта мерзімді перспективада жағдайдың қалай өрбитінін бақылаймыз», - деп түйіндеді ҚР Ұлттық банкінің басшысы.