Қазақстандағы мейрамхана нарығы 15 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы мейрамхана нарығы 15 пайызға өсті

06.11.2014
Қазақстандағы мейрамхана нарығы 15 пайызға өсті

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2013 жылы 23 мыңнан астам қоғамдық тамақтану кәсіпорны ашылған. Биыл бұл көрсеткіш 15 пайызға артқан.

Айта кетейік, мейрамхана нарығы - өтімді болғанымен, тәуекелді бизнес. Әр бес мейрамхананың үшіншісі бірнеше жыл өткен соң жабылып қалады. Сондықтан, бұл сегмент болжанбайтын нарық деп аталады.

«Бұл бизнеске, тіпті, ауа райы да әсер етеді. Егер көктем ерте келсе, жыл нәтижесіне әдеттегіден 20 пайыз көп пайда табады. Ал, ауа райы жауын-шашынды болса, пайда әкелмейді, керісінше, бұл - шығын», - дейді «Ресторан.kz» ЖШС директоры Зәуреш Есенғартова.

Бұл салада отандық кәсіпкерлерде өзіндік тұжырымдама болуы тиіс. Олар батыстық үрдіске еліктейді. Ал, мекеме директоры еліміздегі мейрамхана бизнесін Батыс елдерімен салыстыруға келмейтінін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу