Маржанбұлақ ауылына газ берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маржанбұлақ ауылына газ берілді

06.11.2014
Маржанбұлақ ауылына газ берілді

Маржанбұлақ ауылына газ тарту үшін облыстық бюджеттен 218,1 миллион теңге бөлінген. Ауылды газдандыру жұмыстарын «Тәуекел» ЖШС жүргізді. 1598 адамды қамтитын 480 аула газбен қамтамасыз етіледі. Маржанбұлақ ауылында газ құбырының ашылуымен аудандағы газбен қамтамасыз ету үлесі 83,1 пайызды немесе 33 257 адамды құрайды.

Қараша айында Қайыңдысай ауылын газдандыру жоспарланып отыр. Ал, 2015 жылы Қарақұдық ауылында ішкі кварталды газ құбырын салу жоспарда бар. Оған газ жеткізетін құбыр өткен жылы салынған.

Сонымен бірге Қарақобда, Ақай, Күлтабан, Көктоғай және Тікқайың ауылдарын газдандыру үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде, деп жазады strategy2050.kz.

Фото: mgorod.kz

Хабарламаларға жазылу