Ақмола облысында жас көшбасшылардың республикалық жиыны өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында жас көшбасшылардың республикалық жиыны өтуде

05.11.2014
Ақмола облысында жас көшбасшылардың республикалық жиыны өтуде

Ақмола облысында «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығында «Көшбасшы старты» өзін-өзі басқару мектеп органдары көшбасшыларының республикалық жиыны өтуде.

 Шара балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және көшбасшылық әлеуетін жандандыру, мектептік өзін-өзі басқару органдары көшбасшыларының басын қосатын алаң құру мақсатымен ұйымдастырылуда.

«Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық бөлімшесі атқарушы хатшысы Жанар Жүнісова бастаған жасотандықтар түрлі тақырыптар бойынша Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастардың сұрақтарына жауап берді.

 «Біз Ұлт көшбасшысының кәсіби жас командасын құруды көздеп отырмыз. Біздің мақсатымыз - мемлекеттік басқару, ұлттық даму институттары мен бизнесін жоғары деңгейдегі мамандармен және менеджерлермен қамтамасыз ететін стратегиялық резервке айналу», - деді Ж.Жүнісова.

 

strategy2050.kz

Хабарламаларға жазылу