Алматы облысындағы «Алатау-құс» құс фабрикасы қуатын 12 000 тоннадан 18 000 тоннаға дейін ұлғайта отырып, жаңа даму кезеңіне шықты. Фабрика құс етін қайта өңдеу және шұжық өнімдерін өндіру цехын іске қосты.
Осыған орай 7 қараша күні Алматыда «Қуатын 18 000 тоннаға дейін ұлғайта отырып, «Алатау құс» құс фабрикасы екінші кезеңге шықты» тақырыбында баспасөз туры өтеді.
Бұл туралы «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.