АҚШ астанасы Вашингтон қаласында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) құрметіне арналған ислам каллиграфиясы көрмесі ашылды. Шара АҚШ-тағы Түркия елшілігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған, деп хабарлайды muslim.kz.
«Көрменің мақсаты – Құран және пайғамбар (с.ғ.с.) хадистері арқылы Ислам құндылықтарын жұртшылыққа жеткізу», – дейді Түркия елшісі Сердар Кылыч.
«Пайғамбарға (с.ғ.с.) махаббат» көрмесінде танамал каллиграф туындылары қойылды. Онда қасиетті Құран аяттары, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өнегелі өсиеттері, сондай-ақ Алла елшісінің есімдері өрнектелген.