Моңғолияда алғаш рет ілбіс пен ақ барысты қорғау күні аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Моңғолияда алғаш рет ілбіс пен ақ барысты қорғау күні аталып өтті

04.11.2014
Моңғолияда алғаш рет ілбіс пен ақ барысты қорғау күні аталып өтті

Моңғолия алғаш рет ілбіс және ақ барысты қорғау халықаралық күнін атап өтті. Бұл туралы «Моңғолия дауысы» агенттігі хабарлады, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.

Бұған дейін ақ барыс мекендейтін 12 азиялық мемлекеті былтыр Бішкекте өткен Дүниежүзілік форумы барысында аталған аңдарды қорғау және сақтау бойынша Халықаралық күнді атап өту қажеттегін көтерген.

Моңғолия аталған идеяны қолға алған алғашқы елдердің бірі болды. Қазіргі уақытта Моңғолия саны жағынан ілбіс мекендейтін елдер арасында Қытайдан кейін екінші орында тұр.

Айта кету керек, соңғы жиырма жылда Моңғолия үкіметі аңдардың популяциясын қорғау әрі сақтауда өнімді жұмыстар атқарып келеді. 

Хабарламаларға жазылу