Қарағандыда шахтада болған жарылыстан бір жұмысшы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда шахтада болған жарылыстан бір жұмысшы қаза тапты

04.11.2014
Қарағандыда шахтада болған жарылыстан бір жұмысшы қаза тапты

4 қараша күні шамамен сағат 3.30-да Қарағанды облысындағы «Қазақмыс» корпорациясының Оңтүстік-Жезқазған кенішінде жарылыс болды.

Бұл туралы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

«Жарылыс № 65 шахтада болған. Алдын ала ақпарат бойынша, бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі кезде екінші қызметкердің алған жарақаттарының ауырлығы анықталуда», - деді «Қазақмыс Қазақстан» ЖШС баспасөз қызметінің жетекшісі Владимир Магай.

Хабарламаларға жазылу