«Қазпочта» «Халықтық IPO» бағдарламасын бастау сәтіне дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазпочта» «Халықтық IPO» бағдарламасын бастау сәтіне дайын

04.11.2014
«Қазпочта» «Халықтық IPO» бағдарламасын бастау сәтіне дайын

«Қазпочта» АҚ елдің кез келген өңірінде  «KEGOC» АҚ акцияларын сатуға арналған өтінімді беру мүмкіндігін ұсынады. «Халықтық IPO» бағдарламасында компания брокер де және басқа брокерлер үшін трансфер-агент те болады.

Бірінші кезең шеңберінде почта әкімшілігі 20 мыңға жуық инвестормен шарт жасасты, бұл «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларын сатуға қатысқан басқа брокерлермен салыстырғанда клиенттердің үлкен саны.

«Қазпочта» АҚ Басқармасының төрағасы Бағдат Мусин: «Бірінші кезең біткеннен соң, сервис және клиенттерге қызмет көрсету сапасын жетілдіру бойынша үлкен жұмыс атқардық. Бұл жылы қызметкерлер әлеуетті инвесторларға қызмет көрсету бойынша арнайы оқудан өтті, олардың жалпы саны шамамен 2000 адам», - деп атап өтті.

Акцияларды сатып алуға брокерлік шот ашу және клиенттік тапсырыс беру үшін ҚР азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаты қажет. Клиенттердің уақытын үнемдеу мақсатында, компания «KEGOC» АҚ акцияларын сатып алуға арналған брокерлік шотты почта байланысы бөлімшелерінде күні бұрын ашуды ұсынады. Өйткені, брокерлік шотты ашу рәсімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес үш күнтізбелік күнге дейінгі уақытты алады.

Хабарламаларға жазылу