Күзгі жұқа мұз адам өміріне өте қауіпті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күзгі жұқа мұз адам өміріне өте қауіпті

04.11.2014
Күзгі жұқа мұз адам өміріне өте қауіпті

Астанада ауа температурасы төмендеп, өзен, көлдер мен су айдындарында алғашқы мұз қата бастады. Алғашқы мұз конькимен сырғанауға, балық аулауға қолайсыз. Бұл жұқа мұз адам өміріне өте қауіпті.

Мұздың қатуы кезеңінде қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, мұздың бетіне шығуға, оның үстінде ойнауға, балық аулауға тыйым салынады.

Мұздың қалыңдығы 10-12 см-ге жеткен кезде ғана оның бетіне шығу қауіпсіз болады.  

Сондай-ақ, мұздың беті қармен жабылған жерлермен жүрмеуге тырысыңыз, себебі ондай жерлерде мұз өте баяу қатады. Бұлақтың басы бар немесе су айдынына басқа да жылы су көздері құйылатын жерлерде мұздың бетіне шығуға қауіпті. Мұндай жерлерде мұз өте баяу қатып, қыс мезгілінің өзінде қауіптілік төндіреді. 

Хабарламаларға жазылу