Суат Әбусейітов – қазақ ән өнеріндегі жарқын жұлдыз. Ол тұңғыш рет қазақтың халық әндерін ғылыми тұрғыдан зерттеп, ғажап дауысымен бұзылмаған күйі бүгінге жеткізді. Өткен ғасырдың 50-60 жылдары әншінің талантына бас иіп, ұстаз тұтқандардың қатары көп болды.
«Суат Әбусейітов ешкімге жалтақтауды білмейтін жүрегі қалаған әнді ғана шырқайтын»,-дейді әншінің төл шәкірті Нұрғали Нүсіпжанов.
Әнші әйгілі күйші, композитор Нұрғиса Тілендиевпен тығыз шығармашылық байланыста болған. Сазгер жаңа әндерін тек Суат Әбусейітовке ғана сеніммен тапсыратын.
«Ол көзге түсейін деп орысша ән шырқамады. Қазақ әндерін қатырып айтатын. Мен сол жағын терең түсіндім де, өзіме жақын тұттым. Нұрғиса Тілендиевтің ешкім естімеген жаңа әндерін айтып жүретін»,-дейді Нұрғали Нүсіпжанов.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.