Қазақстандық қаламгерлер ұйымын мерейлі мерейтойымен құттықтауға алыс-жақын шетелдерден меймандар келді.
«Мен Қазақстандағы өзгерістерді жіті бақылап отырамын. Қазақ халқында кейінгі жылдарда саясатта, экономикада, әлеуметтік жүйеде, әдебиеті мен мәдениетінде ілгерілеушіліктер бар.
Қоғамның ой-пікірі, тынысы жазушылардың қаламында. Қазақстан Жазушылар одағы жақсылықтың жаршысы десек те болады. Бұған ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлес ұшан-теңіз деп ойлаймын. Ол тек қана қазақ елінің көшбасшысы емес, әлемдік деңгейдегі беделді тұлға», - деді Қырғыз Республикасы Жазушылар одағының төрағасы, ҚР-ның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Ақбар Рысқұлов.
ҚазАқпарат