«Мұндағы жолақ – еліміздегі озық жолақтардың бірі», - дейді мамандар. 2015 жылы күрделі жөндеудің екінші кезеңі аяқталғаннан кейін Орал әуежайы кез келген ұшақты қабылдай алады.
«Алдағы жылы сәуір айында әуежай қайта уақытша жабылып, ұшу-қону жолағын ұзарту және кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, апаттық-құтқару станциясы мен трансформаторлық станция салынады», - әуежай директоры Хайретдин Рысқалиев.
Еске сала кетейік, әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеуге бюджеттен 6 миллиардтан астам теңге бөлінді, деп хабарлайдф ҚазАқпарат.