Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Х Әлем чемпионатына қатысқан құтқарушылар ұлықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Х Әлем чемпионатына қатысқан құтқарушылар ұлықталды

03.11.2014
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Х Әлем чемпионатына қатысқан құтқарушылар ұлықталды

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде Алматы қаласында өткен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Х Әлем чемпионатының ұлттық құрама командасы құрамына, жаттықтыру штабы мен ұйымдастырушыларына құрмет көрсету рәсімі өтті, деп хабарлады www.strategy2050.kz.

 «Жарысқа барлығы әлемнің 14 елінен, атап айтқанда Қазақстан, Ресей, Беларуссия, Украина, Өзбекстан, Германия, Польша, Чехия, Оңтүстік Корея, Түркия, Әзірбайжан, Латвия, Моңғолия мен Словакия елдерінен келген 300-ден аса спортшы қатысты», - делінген хабарламада.

Қазақстанның Ұлттық құрама командасы Әлем біріншілігінің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болғанын естеріңізге саламыз. «Жауынгерлік қанат жаю» жарыс тәртібінде қазақстандық спортшылар көш бастап,  2014 жылғы Әлем чемпионы атағына ие болды. Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Әлем біріншілігінде сайысқа алғаш рет қатысқан әйелдер құрамасы  жалпыкомандалық екінші орынды иеленді.

Салтанатты рәсімде чемпионат ұйымдастырушылары, спортшылар, сондай-ақ, олардың жаттықтырушылары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің алғыс хаттарымен, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «Құтқарушы» (II дәрежелі), «Құтқарушы» (III дәрежелі), «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

Хабарламаларға жазылу