«Шалқар» ұлттық радиосында - Жаңалықтар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» ұлттық радиосында - Жаңалықтар

03.11.2014
«Шалқар» ұлттық радиосында - Жаңалықтар

Бүгіннен бастап,  «Шалқар» ұлттық радиосы тыңдармандарын әр сағат сайын ел және әлем жаңалықтарынан хабардар етеді.

Маңызды жаңалықтар тізбегін күн сайын сағат 09.30, 10.30, 11.30, 14.30, 15.30, 16.30 және 17.30-да тыңдай аласыздар.

 «Шалқар» ұлттық арнасы - республикадағы тек қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна. Радио  өнімдері қазіргі кезде республика аумағының 62,04 пайызына тарайды.

Бұған дейін Қазақ радиосының құрамдас бір бөлігі - редакция болып келген радиоарна 2014 жылдың ақпан айынан бастап жеке радио болып қайта құрылғанын айтқан болатынбыз.

Радио ұжымы бұдан бөлек, жаңа маусымда тыңдармандарына «Білімдіден шыққан сөз», «Шабыт» радиотеатры, «Таңжарық» ақпаратты-танымдық, сазды бағдарламасын ұсынды.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу