5 қарашада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшыларымен кездесуі жоспарланған.
6-7 қарашада Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар аясында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 4-ші отырысы өтеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.