«Португалия» командасының футболшысы 50 жылға жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Португалия» командасының футболшысы 50 жылға жазаланды

02.11.2014
«Португалия» командасының футболшысы 50 жылға жазаланды

Қорғаушы Рикарду Феррейра (Ricardo Ferreira) өз командасы ұтылғаннан кейін алаңғы жүгіріп шығып, төрешінің бетінен доппен ұрып, балағаттай бастаған. Трибунаның астындағы ғимаратқа қашуға әрекет еткен төрешіні қуып жетіп, үстіне су құйған.

Ескерту мерзімі ресми түрде анықталған жоқ. Бірақ, ескертулерді тіркейтін компьютерлік бағдарламаға оның жазасын өтеу мерзімі енгізілген. Сол себепті футболшыға ең жоғары мерзім – 50 жыл берілген. Енді Феррейра Швейцарияда жасыл алаңға 2064 жылы, яғни 78 жасында қайта орала алады.

Бұған дейін футболшы осындай әрекеті үшін ұзақ мерзімге ескерту алған. Бір ойында қарсылас команданың ойыншысын ұрып, ресми тұлғаларды балағаттағаны үшін 45 матчқа шеттеліген екен.

Фото: alearned.com

Хабарламаларға жазылу