Атбасар аудандық әкімдігінің қызметкері 1947 жылғы азаматты көлігімен қағып кетіп, қария оқиға орнында қайтыс болған. Бұл туралы Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.
Қайғылы оқиға Атбасар қаласындағы Аңғал Батыр көшесінің бойында болған. Көлік тізгінінде 1984 жылы туған аудандық әкімдіктің бас маманы отырғаны анықталды.
Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша тексеріс жүргізілуде.