ШҚО Ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО Ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

31.10.2014
ШҚО Ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Жанарбек Бақтыбаев тағайындалды.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов ШҚО ІІД  жеке құрамына жаңа басшысыны таныстырды.

Бақтыбаев Жанарбек Телібекұлы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, Ресей Федерациясы ІІМ академиясын бітірді. Ішкі істер саласындағы қызметін 1983 жылдан бастады.

Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысы ІІД, Есірткі бизнесімен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінде, ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінде басшылық лауазымдарды атқарған.

2012 жылғы қыркүйектен бастап Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығы қызметін атқарды.

 

Хабарламаларға жазылу