Зара Есенаманның «Tribute» музыкалық альбомының таныстырылымы өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зара Есенаманның «Tribute» музыкалық альбомының таныстырылымы өтпек

31.10.2014
Зара Есенаманның «Tribute» музыкалық альбомының таныстырылымы өтпек

5 қараша күні, сағат 18.30-да  Алматыда «Меломан» GRAND дүкенінде танымал тележүргізуші, музыкант, «UNESCO» сыйлығының иегері Зара Есенаманның «Tribute» музыкалық альбомының таныстырылымы өтпек.

Жинаққа 14 композиция енген. Олардың  арасында қазақтың бірнеше халық әнімен қатар, «Women of Ireland» лирикалық балладасы (Шона О Риады),  «Where Have All the Flowers Gone» композициясы (Пит Сигер) бар.

Сондай-ақ, тыңдармандарына  Мұқағали Мақатевтың «Соғыстың соңғы көктемі» өлеңіне жазылған авторлық композициясын ұсынбақ.

 «Академиялық біліміме қарамастан, мен рок-музыканы сүйіп тыңдаймын. Сондықтан, бұл туындыда классика мен хардрок өзара үйлесім тапқан», дейді автор.

Зара Есенаман Париж ұлттық консерваториясында білім алған. Австрия, Италия, Францияда өткен ірі скрипка байқауларының лауреаты. 2009 жылы «Хардкор» кітабы жарық көрген.

 

Фото: meloman.kz

Хабарламаларға жазылу