Конференцияға Қазақстан, Түркия, Башқұртстан, Татарстан, Тыва республикасынан белгілі түрколог ғалымдар, мәдениеттанушылар, этнографтар, фольклоршылар қатысты.
«Біз бірінші рет 1994 жылы Қазанғаптың белгісіз күйлерін Шалқар ауданында тұратын шопан Қожагелді Амановтан естідік. Ол бізді өзінің ұстазы күйші Жұмабаймен таныстырды.
Ол кезінде Қазанғаптың оқушысы Қадырғали Ержановтың оқушысы болған. Содан бері біз Қазанғаптың шығармаларын іздеп, тауып келеміз» - дейді ұлы күйшінің шығармашылығын зерттеуші, мәдениеттанушы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Абдулхамит Райымбергенов. Бүгінде Қазанғаптың 70 күйі жиналған.
Сонымен қатар, облыстық филармонияда күйші Жайлау Асылхановтың «Күйдің пірі Қазанғап» шығармашылық кеші өтті, деп жазады ҚазАқпарат.