Қазақ әдебиетінің дамып, өрлей бастаған тұсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ әдебиетінің дамып, өрлей бастаған тұсы

31.10.2014
Қазақ әдебиетінің дамып, өрлей бастаған тұсы

1956 жылы Жазушылар одағына басшылыққа әйгілі драматург, көсемсөзші, әдебиеттанушы және сыншы Ғабит Мүсірепов келді.

Жазушылар одағына төрағалыққа келмес бұрын алғашқы әдеби газет «Қазақ әдебиетінің» бірінші бас редакторы болды. Оның қаламынан туған «Кездеспей кеткен бір бейне», «Шұғыла», «Қазақ солдаты» сынды шығармалары қазақ әдебиетінің мұрасын байыта түсті.

Ғабең одақты 1962 жылға дейін басқарды. Ал, 1962 жылы Жазушылар одағын екінші мәрте басқару Ғабиден Мұстафинге жүктелді. Бірақ, қаламгер бұл орында көп отырмады. Екі жылдан кейін Ғабит Мүсірепов одақтың басшылығына қайта сайланды.

«Партизан қызы», «Тон», «Ормандағы от», «Қапастағы жұлдыздар» атты шығармаларымен қазақ әдебиетін байыта түскен майдангер жазушы Әди Шәріпов 1966 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы атанды. Сондай-ақ, КСРО Жазушылар одағының да хатшысы болды.  Мемлекеттік қызметпен қатар, шығармашылыққа да көп көңіл бөлді.

60-шы жылға қарай қазақ әдебиеті кеңестік қоғамдағы жеке басқа табынушылықты айыптап жатты. Жеке адамға арналған барлық шығарма сынға алынды. Ал, 70-ші жылға қарай «Қан мен тер», «Қаһар», «Алмас қылыш», «Белгісіз солдаттың баласы», «Мылтықсыз майдан», «Қобыз сарыны», «Көкмұнар», «Махаббат қызық мол жылдар» повестері елдің ықыласына бөленді.

Сюжеттің толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу