«Менің елім-Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» экспедициясы Шымкентте - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің елім-Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» экспедициясы Шымкентте

30.10.2014
«Менің елім-Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» экспедициясы Шымкентте

«Менің елім-Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін»  этнографиялық экспедициясы Шымкент қаласына жетті, деп хабарлайды  ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Бәйдібек би ескерткіші алдында қарсы алған топқа саяхатшылар бұл сапардың мақсаты мен маңызы жөнінде кеңінен әңгімеледі. Шымкент қаласының тарихи және мәдени орындарына экскурсия жасады.

Сонымен қатар Шымкент қалалық балалар және жасөспірімдер орталығының «Достық» мұражайын аралап, балалардың концерттік бағдарламаларын тамашалады. Түс қайта экпедиция мүшелері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің фойесінде облыстың туристік мүмкіндіктерін ашатын тарихи және мәдени көрікті жерлер туралы көрмесін аралап, студент жастармен кездесті.

«Оңтүстік Қазақстан өзінше ерекше мекен. Біз бұл жердің қай жағынан да алда екеніне көзіміз жеткен. Болашақта бұл аймақтың туристік әлеуетін, қазақ мемлекетіне қосқан рухани үлесін түгел көрсетуге тырысамыз», -деді экспедиция мүшесі Бақтыбай Жайлау. Экспедиция сапары көне шаһар Түркістанды аралаумен жалғасады. Ақтау қаласынан басталған экспедицияның мақсаты – қазақ елінің жастарын ортақ іске біріктіру.

Хабарламаларға жазылу