Британиялық құрастырушылардың айтуынша, «Cray XC40» компьютеріне осынша ақша жұмсай отырып, мемлекет келесі 10 жылдың ішінде 3,3 миллиард доллар үнемдей алады. Себебі, компьютердің дәл болжамдары арқасында су тасқынынан қорғануға болады.
Сонымен қатар, сапалы болжамдар арқылы ауыл шарушылығы да көп пайда көретін болады, дейді мамандар.
Жаңа метеорологиялық компьютер елде қазір пайдаланылатын компьютерден 13 есе жылдам жұмыс істейді, деген болжам бар. Жаңа жүйеде мәліметтерді сақтау үшін 17 петабайт жады болады.
Бұл компьютерге әр сағат сайын өте дәл болжам жасауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты жүйе нақты бір жердің ауа-райын жарты шақырымдық дәлдікпен анықтай алатын болады.
Мысалы, компьютердің көмегімен Лондонның әрбір жеке аймағына ауа-райының болжамын жасауға мүмкіндік туады.