Астанада жаңадан төрт мешіт салынады. Бұл туралы «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүр ұштастығы» тақырыбында өткен конференцияда Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жорабек Дәуренов мәлім етті.
Оның айтуынша, соңғы бес жылда мешіт салуға «Көктал-1», «Көктал-2», «Өндіріс» және «Ильинка» кенттерінен 4 жер учаскесі бөлінген.
Айта кету керек, елордада Қазақстанның өзге өңірлерімен салыстырғанда діни нысандардың құрылысы бойынша белсенділік байқалмайды.
«Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда мыңға жуық мешіт бар, соның ішінде 20-30-ы соңғы үш-төрт жылда салынған, ал Астанада соңғы жеті жылда мешіт саны 4-тен 8 дейін артқан», - дейді Жорабек Дәуренов.