Телехикаялар мен поп-музыка әдебиет, театр сияқты өнер түрлерін ығыстыруда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Телехикаялар мен поп-музыка әдебиет, театр сияқты өнер түрлерін ығыстыруда

30.10.2014
Телехикаялар мен поп-музыка әдебиет, театр сияқты өнер түрлерін ығыстыруда

Институт жүргізген әлеуметтік сауалнамаға еліміздің түкпір-түкпірінен 1200-ден астам адам қатысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде қазақстандықтардың 85 пайызы қолдары қалт етсе музыка тыңдауға әуес. Олар қазақстандық әншілермен қатар шетелдік поп-музыканың жаңалықтарынан да шет қалмайды. Ал, сауалнамаға қатысқандардың 15 пайызы тек шетелдік музыканы тыңдайды.

«Қазақстандықтар арасында отандық фильмдер көп көріледі екен. Респонденттердің 83 пайызы отандық киноларды қарайтынын айтса, 16 пайызы мүлде көрмеген болып шықты», - дейді маман.

Оның айтуынша, қазақстандық телехикаялар да көрермендер арасында үлкен сұранысқа ие.

«Мәдениет салаларының ішінде бүгінде әдебиет, музей, кітапхана, театр сияқты жанрлар ақсап тұр. Мәселен, сауалнамаға қатысқандардың көп бөлігі қазақстандық жазушыларды мүлде оқымайтынын айтты. 58 пайыз респондент музейлерге мүлде бармайды. 69 пайызы қазақстандық авторлардың театрлық қойылымдарын мүлде көрмеген», - дейді Жанаргүл Құсманғалиева.

Хабарламаларға жазылу