Биылғы жәрмеңкелер маусымын Ақмола облысының тауар өндірушілері аяқтамақ. Жәрмеңкеге өңірдің 17 ауданынан 300-ден астам кәсіпорын қатысады.
Қалалық алаңда 120 сауда орны ашылып, 4 киіз үй тігіледі.
Сондай-ақ, келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынылмақ. Шара барысында түрлі шығармашылық ұжымдардың 200-ден астам өкілі өнерлерін ортаға салады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.