«Жарық дүние жанарымның ішінде...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жарық дүние жанарымның ішінде...»

29.10.2014
«Жарық дүние жанарымның ішінде...»

Тағдырдың жазуымен туабітті зағип немесе кейін келе жанарынан айырылған жандар бар. Жарық дүниені бір көруге зар болған қамкөңіл адамдар өмірдің қатал сынына мойымақ емес.

Олар «өмірді сүйсең, өмір сені сүйетін болады», деп есептейді. Олар айналасындағы құбылысты көрмесе де, әр адам жан-жағында не болып жатқанын ішкі әлемімен сезеді деген пікірде.

Бүгін 21.05-те «Айтуға оңай...» ток-шоуында жанарынан айырылған жандар ойымен бөліспек.

Зағип жандардың қоғам өміріндегі орны, олардың күнделікті тұрмыста кездесетін кедергілері, жеткен жетістіктері турасындағы хабарды Ұлттық арнамен бірге көрейік.

Хабарламаларға жазылу