Бүгін «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Алматы-2 – Защита» (Өскемен қаласы) бағытында жаңа жүрдек пойызын іске қосты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Пойыз 23 вагоннан құралған. Екеуі «Гранд», екеуі «Бизнес», 14-і «Турист» санатындағы вагондар. Сондай-ақ, мейрамхана, бар және 3 техникалық вагон бар.
Отандық «Тұлпар-Тальго» зауытында шығарылған вагондардан құралған құрам күнара қатынайтын болады.
«Өскемен қаласына дейінгі жол жүру уақыты – 17 сағат 45 минутты құраса, кері бағытта – 17 сағат 08 мнутты құрайды», делінген хабарламада.