Алматыда алдағы 30 қазан күні Ықылас атындағы ұлттық музыкалық аспаптар мұражайында «Достық нотасы» концерті өтеді. Бұл туралы Алматы қаласындағы Польша мәдени орталығының төрағасы Олег Червинский мәлім етті.
Шара Польша музыкасы күндері аясында өтеді.
Кеште Польшаның ұлы композиторлары Кароль Шимановский, Витольд Лютославский, Гражина Бацевичтің тамаша классикалық туындылары орындалады.
Сондай-ақ, концертте польшалық белгілі скрипкашы Патриция Пекутовска мен пианист Анна Миерник өнер көрсетеді.
Шараны ұйымдастырушылар - «Алматы қаласындағы Польша мәдени орталығы мен «Пиано Классик» артистік жолдастығы.