Астанадағы Тәуелсіздік күніне арналған шаралар ауқымды мерекелік отшашумен аяқталды. Сағат 22:00-де елорданың бірнеше ауданында, атап айтқанда, Есіл өзенінің жағалауында, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында және «Хан-Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының алаңында отшашу ұйымдастырылды.