«Таңшолпанда» - «Сырғалым» актерлері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - «Сырғалым» актерлері

29.10.2014
«Таңшолпанда» - «Сырғалым» актерлері

Таяуда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Сырғалым» телехикаясының екінші маусымы басталады. Осыған орай бүгін «Таңшолпанда» телехикаяда басты рөлдерді сомдаған Жандарбек Садырбаев, Жұлдыз Маханова, Әйгерім Айдар қонақта болды.

«Телехикаяның алғашқы маусымын көрермен жылы қабылдады. Туындының екінші маусымы да түсіріліп бітті. Енді осы қаңтар айынан бастап көрермендермен қайта қауышамыз. Жалпы, «Сырғалым» қазақы менталитетке жақын туынды. Сондықтан да болар, көрермен жүрегінен орын алды»,-дейді телехикаяда Қайсар рөліндегі актер Жандарбек Садырбаев.

«Сырғалым» эфирге шыққалы бері көшеде көрген жұрт танып жатады. Дина рөлін сомдаған Әйгерім екеуің өмірде қандай қарым-қатынастасыңдар?», деп сұрайтындар да бар. Біз өмірде әрине,  татумыз. Сәлеміміз түзу»,-дейді Жұлдыз Маханова.

«Маған көп қойылатын сұрақтардың бірі – «Сіздің кейіпкеріңіз Динамен ұқсастығыңыз бар ма?». Әріптестерім біледі, менің кейіпкеріммен ұқсас қасиеттерім жоқ десе де болады. Дегенмен, қандай жағымсыз кейіпкер болса да, мен өз рөлімді жақсы көремін. Көрерменнің кейіпкерімді қабылдауы үшін қатты тырыстым»,-дейді Дина рөлін сомдаған актриса Әйгерім Айдар.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу