Енді оңтүстіктің өз бекіресі бар. Тірлігі өрістеген шаруашылық қазір жылына нарыққа 40 тонна балық еті мен 300 келі уылдырық шығарып отыр.
Уылдырықтан уыз жарған шабақтар құнарлы азық пен жақсы күтімнің арқасында тез әлденді. Оның үстіне күн райының жылығы да олардың жылдам жетілуіне әсер еткен.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ