Алматыда газбен жүретін автобустар таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда газбен жүретін автобустар таныстырылды

28.10.2014
Алматыда газбен жүретін автобустар таныстырылды

Қала басшысы қоғамдық көліктердің жаңартылуы экологияны жақсарту жолындағы  қаланың басты жобаларының бірі екенін және бұл жұмыстың жалғасын табатынын  баса айтты.

«Қазіргі таңда бізде коммуналдық меншікте 400 автобус бар. Ал, бүгін біз газбен жүретін 100 автобусты халықтың игілігіне бердік. Жыл соңына дейін тағы 100 автобус келеді. Сондай-ақ, біз 195 троллейбус, 17 трамвай және таулы жерлерде жүретін автобустар алдық.

Сонда бас-аяғы 850 бірлік техника. Бұл – қаланың қоғамдық көліктерінің жартысын құрайды. Біз жекеменшік иелерін де экологиялық таза көлік алуға шақырамыз. Бұл шаралар қаланың экологиясын жақсартып қана қоймай, қызмет көрсету сапасын да арттырады»,-дейді қала әкімі.

Хабарламаларға жазылу