Қазақстан шетелдік инвесторларды тарту үшін жағдай жасап, көлік-логистикалық құрылымды құруда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Х Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Жаңа индустриялық бағдарлама аясында БАӘ, Иран, Түркия және Малайзия сияқты серіктестерімізбен белсенді жұмыс істей бастадық. Аталған елдердің инвестиция көлемі 3 миллиард АҚШ долларынан асады. Бізде сомасы 2,5 миллиард АҚШ доллары болатын 15-тен астам жақсы жоба бар, бұл - жұмыстың басы ғана», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы 10 мың шақырымнан асатын автомобиль жолдары және 2,5 шақырым теміржол салынғанын және қайта жөндеуден өткенін, Қытайдан Парсы шығанағына дейінгі қашықтық 1200 шақырымға қысқарғанын айтып өтті.