Ислам қаржылық жүйесін дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ислам қаржылық жүйесін дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды

28.10.2014
Ислам қаржылық жүйесін дамытуға бағытталған меморандумға қол қойылды

ҚР Ұлттық банкі мен Біріккен Араб әмірлігінің Орталық банкі ортақ меморандумға қол қойды.

Меморандум Ислам қаржылық жүйесін, қаржылық бақылау саласындағы екіжақты серіктестікті дамытуға бағытталған. Тараптардың ойынша, бұл келісім екі елдің қаржылық тұрақтылығын сақтауға септігін тигізеді.

БАӘ орталық банкінің төрағасы Мүбәрак Рәшид Әл Мансұри Қазақстанның қаржылық дамуы мен ислам қаржыландыру жүйесінің даму қарқынын жоғары бағалады.

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов өз кезегінде Қазақстандағы Ислам қаржыландыру жүйесін дамыту жоспарымен таныстырып, Ислам құнды қағаздар нарығының жай-күйінен хабардар етті.

Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов Малайзияның Орталық банкінің төрағасы Зети Ахтар Азизбен кездесті. Кездесуде екі жақты тиімді қарым-қатынасты дамыту мен ислам қаржыландыру жүйесін ендіруде Малайзияның озық тәжірибесін талқылады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

 

Хабарламаларға жазылу