Қазақстан территориясының көп бөлігінде бүгін фронтальды ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар сақталып, жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет.
Солтүстік өңірлерде боран, ал оңтүстікте - тұман, көктайғақ болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ақмола облысында кей жерлерде боран соғып, жел 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран болып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде боран болады, ал Қарағанды облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.