Нұртас Оңдасынов халықтың білімін көтерсем деген арманмен еңбек етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұртас Оңдасынов халықтың білімін көтерсем деген арманмен еңбек етті

27.10.2014
Нұртас Оңдасынов халықтың білімін көтерсем деген арманмен еңбек етті

26 қазан – мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың туған күні.

Осыған орай, жазушы, журналист Гүлсім Оразалықызы «Таңшолпанда» қонақта болды.

Гүлсім Оразалықызы - Нұртас Оңдасынов туралы 3 кітаптың авторы. Көзі тірісінде жазушыға қолжазбаларын табыстап, баспадағы құжаттарына дейін тапсырып кеткен.

«Нұртас Оңдасынов өмір бойы халқымның мәдениетін, білімін көтерсем, деген арманмен еңбек етті. Сол арманын жүзеге асыру үшін Ғылым академиясын құрды. Академияға Қаныш Сәтбаевтың басшылық етуіне ықпал еткен де Оңдасыновтың өзі», -  дейді Гүлсім Оразалықызы  

«Ол кісі зейнеткерлікке шыққаннан кейін, Мәскеуге кетіп қалды. Қазақ «Көзден кетсе, көңілден де кетеді», деген. Содан болар, бүгінгі ұрпақ Оңдасынов туралы біле бермейді. Оның қазақ үшін атқарған қызметі ұшан-теңіз».

Нұртас Оңдасыновтың қайраткерлік тұлғасы туралы «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу