Қазақстанда алғаш рет садақ атудан фестиваль өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда алғаш рет садақ атудан фестиваль өтеді

27.10.2014
Қазақстанда алғаш рет садақ атудан фестиваль өтеді

 

Ертең Алматыдағы «Хан Тәңірі» стадионында «Алтын Мерген» атты садақ атудан бірінші фестиваль өтеді.

Фестивальдің мақсаты - бүкіл әлемге садақ атудың жаяу да, аттың үстінде де ату өнерін насихаттау.

Әлемде Еуропа, АҚШ, Түркия, Оңтүстік Корея, Қытай, Моңғолия, Жапония мен Оңтүстік Америка елдерде садақ атудан үйірмелер мен клубтар жұмыс жасайды.

Ал, біздің  елімізде садақ ату үйірмелері жоқ. Ал, бұл сайыс сол олқылықтың орнын толтыруға бағытталған алғашқы ірі шара.

Шараны ұйымдастырушылар - «Көшпелі өркениет құндылықтары» халықаралық қоғамдық қоры. 

Хабарламаларға жазылу