Ертең Павлодарда өтетін «Alem barysy» турнирінде ең жас, әрі ең жеңіл салмақ дәрежесінде Австралия елінен Осчуан Джейсон Безуиденхоут бақ сынайды.
«Қарсыластарымның барлығы - кіл мықтылар. Өз басым, қазақ күресін дзюдоға ұқсатамын.
Дзюдода жылдамдыққа басымдық берілсе, қазақ халқының ұлттық күресі біраз өзгешелеу. Дегенмен, тартысты белдесу көрсететініме сенімдімін», дейді.
18 жастағы палуанның бойы - 185 см. 90 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын күрес шебері дзюдодан Океанияның екі дүркін чемпионы, екі жыл қатарынан Австралия чемпионы атанған. Австралия мен Жаңа Зеландияның абсолюттік чемпионы.
pavlodarnews.kz