2017 жылы Қысқы Универсиадада жақсы нәтиже көрсету үшін қазірден бастап дайындық жұмыстарын бастау керек. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі алқа мәжілісінде отырысында Тастанбек Есентаев мәлімдеді.
«Универсиада – студенттердің спорттық додасы. Унивесиадада жақсы нәтиже көрсету үшін жарысқа қатысуға үміткер спортшыларға білім грантын арттыру қажет», - деді вице-министр.
Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрлігі барлық облыс әкімдігімен бірлесіп, 2017 жылғы Қысты Универсиадаға қатысатын спортшылар тізімін құрған болатын.