«Жан жылуында» - Индира Бетаеваның тағдыры - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жан жылуында» - Индира Бетаеваның тағдыры

24.10.2014
«Жан жылуында» - Индира Бетаеваның тағдыры

Туа біткен мылқаулық нәрестенің жатырда жатқанынан бастап пайда болады. Қатты соққыдан немесе тұқым қуалауынан немесе жүктілік кезіндегі қорқыныштан.

Ал, жүре пайда болған мылқаулық-ол қатты қорқыныштан, тосын жайттан болуы мүмкін. Көп жағдайда адам жүрек талмасына шалдыққанда да мылқау болып қалады.

Бүгінгі «Жан жылуы» хабарының кейіпкері Индира Бетаеваның да өз әлемі бар. Ол жан-жағында болып жатқан құбылысты естімесе де, сабақ оқиды, достарымен ойнайды, тіпті кесте тігіп, домбырада ойнайды.

«...Кейбір ортаға түскенде мен оларды түсінбей, олар мені түсінбейтініміз бар. Бірақ, барынша өзімнің ойымдағыны ыммен анық жеткізуге тырысамын»,-дейді өзі.

Сәбидің дерті турасында ата-анасы оның екі жарым жасында білген. «Алғашында қатты қиналдық. Апармаған жеріміз болмады. Елдің түкпір-түкпіріндегі дәрігерлерге алып бардық»,-дейді анасы.

Бүгін 17.00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу