Марат Жақып: Әр палуан қарсыласын жасырын нөмір арқылы өзі таңдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Жақып: Әр палуан қарсыласын жасырын нөмір арқылы өзі таңдайды

24.10.2014
Марат Жақып: Әр палуан қарсыласын жасырын нөмір арқылы өзі таңдайды

Қазақ күресінің мерейі үстем болатын күн де алыс емес. Біздің апайтөс палуандар дәл қазір қызу дайындық үстінде. «Әлем Барысы» атану ол бір облыстың ғана емес, бүкіл елдің намысын қорғау екенін жақсы біледі. Боз кілемде төгілген тер мен еңбектің өтеуі – бақ пен бабың қатар келгенде ғана болады, дейді палуандар.

Дүбірлі додада алғашқыда ел намысын алты палуан қорғайды, делінген. Бірақ, Ұлан Рысқұл мен Мұхит Тұрсынов бұл турнирге қатыспайтын болды.

«Дүниежүзінің он шақты палуаны әлемдік көрсеткіші бар палуандар.  Бірақ, бұл біздің ұлттық күресіміз болғандықтан, палуандарымыз мықты күреседі деп сенеміз. Жігіттердің дайындығы жаман емес. Әр палуан қарсыласын жасырын нөмір арқылы өзі таңдайды»,-дейді қазақ күресінен мемлекеттік жаттықтырушы Марат Жақып.

Бұл додаға әлемнің ең мықтылары келіп жатыр. «Қазақстан барысында» бір-біріне қарсылас болған жігіттер бұл жолы жұмылған жұдырық болып дайындалуда.

«Қазақстан Барысынан» кейін бірер ай демалып, енді міне, «Әлем Барысына» дайындалып жатырмыз. Дайындығымыз жақсы. Төрт палуанның қайсысы ұтса да, басты мақсат – Қазақстанның намысын қорғау. Бір жағынан, дода өз жерімізде өтіп жатқаннан кейін, ұтуға тырысамыз»,-дейді  2013 жылғы «Қазақстан Барысы» Айбек Нұғымаров.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу