Қазақстанда жыл сайын 200-ге жуық мектеп салынады - А.Сәрінжіпов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жыл сайын 200-ге жуық мектеп салынады - А.Сәрінжіпов

23.10.2014
Қазақстанда жыл сайын 200-ге жуық мектеп салынады - А.Сәрінжіпов

Жыл сайын елімізде республикалық және жергілікті бюджет есебінен 200-ге жуық жаңа мектеп бой көтереді.

Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Астанадағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтіп жатқан «Білім беру саясаты, тәжірибе мен зерттеу» VI Халықаралық конференциясында мәлімдеді.

«Соңғы жылдары еліміздегі демографиялық ахуалдың тұрақты өсімі байқалады. Тәуелсіздік жылдары республикада көптеген білім ошағы бой көтерді. Соңғы кездері елімізде жыл сайын республикалық және жергілікті бюджет есебінен 200-ге жуық мектеп бой көтереді.

Осы орайда салынып жатқан мектептердің санын арттырумен қатар, сапасына да үлкен мән берілуде. Ондағы оқытушылардың біліктілік деңгейлерін арттырумен қатар, материалдық техникалық базаны жетілдіру жұмыстары да Елбасының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылуда», - деді Бас ұстаз.

Сонымен қатар, сала басшысы Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуде орта білім беру саласын дамытудың өзіндік орны бар екенін  атап өтті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

«Елімізде 2020 жылға дейінгі білім беру саласын жаңғырту бағдарламасы аясында бірқатар жоба қолға алынуда. Ұрпақтың жаңа технологиялардың көмегімен сапалы ақпаратқа қол жеткізе білуін қадағалау керек», - деді А.Сәрінжіпов.

Хабарламаларға жазылу