Н. Назарбаев Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ұжымына 80 жылдық мерейтойға орай құттықтау хатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н. Назарбаев Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ұжымына 80 жылдық мерейтойға орай құттықтау хатын жолдады

23.10.2014
Н. Назарбаев Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ұжымына 80 жылдық мерейтойға орай құттықтау хатын жолдады

Кеште Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқыды.

«Елімізде техникалық мамандар даярлауда Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің алар орны ерекше. Өзінің ондаған жылдар тарихында жүз мыңнан астам инженер мамандар даярлап шығарды. Еліміздің қай өндіріс орны болмасын, олардың өсіп-өркендеуіне осы университет түлектерінің қосқан үлестері зор. Бүгінде білікті ұстаздар мен ғалымдар шоғырланған бұл білім ордасында атқарылып жатқан істердің ауқымы аз емес. Университет ұжымына алдағы кезде жүктелетін міндеттердің салмағы да зор. Себебі, еліміз «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын белгіледі. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдаралмасын жүзеге асырып жатыр. Ал оларды білікті инженер кадрлардың көмегінсіз ойдағыдай жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан, университет елімізде инженер-мамандар даярлайтын университеттердің көшбасшысы ретінде өз жауапкершілігін терең сезініп, студенттерге білім беру сапасын барынша арттырып, ғылым мен өндірістің байланысын одан әрі нығайта отырып, қатаң бәсекелестік жағдайында жаңа өрістерге шығуы тиіс.  Мен университеттің келешекте тек елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде де өзіне лайықты орынды иеленетін беделді білім ұясына айналатындығына үміт артамын», - деп жазады Елбасы.

Сондай-ақ, ҚазҰТУ ректоры Жексенбек Әділов ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовті «Инженерлік білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» мерекелік белгілерімен марапаттады.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу