Атырау облысында мемлекеттік тілді дамыту бойынша олимпиада өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында мемлекеттік тілді дамыту бойынша олимпиада өтті

23.10.2014
Атырау облысында мемлекеттік тілді дамыту бойынша олимпиада өтті

Атырау облысында «Тіл - халық жанын танудың кілті» атты мемлекеттік тілді дамыту бойынша олимпиада өтті. 

Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу өрісін ұлғайту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, орыстілді жастардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын артыру.

13 адам қатысқан облыстық турда Гран-при иегері болып, К.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждің студенті Туранова Нигора атанды.

Ол республикалық олимпиадада бақ сынайтын болады, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Хабарламаларға жазылу