Астанада кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтті

23.10.2014
Астанада кезекті бос орындар жәрмеңкесі өтті

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалымен бірлесіп жұмысқа орналастыру бойынша жеке агенттіктер мен ұйымдардың қатысуымен бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Келушілер жұмыс берушілермен әңгімелесіп, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау шаралары туралы барлық қажетті ақпарат алды.

Шараға 288 адам қатысты. Соның ішінде 215-і жұмыссыз. Шара соңында 11 адам бос әлеуметтік жұмыс орынына орналастырылса, 75-і жастар практикасына жіберілді. 

Хабарламаларға жазылу